Жүрек-қантамыр жүйесі
Сипаттама
Әдетте жүрек-қантамыр ауруларының қаупін анықтау үшін жалпы холестеринге, ЛПНП, ЛПВП және триглицеридтерге талдау тапсырады. Бірақ соңғы жылдары басқа да маркерлер пайда болды, оларды анықтау кардиоваскулярлы патологиялардың қаупін дәлірек саралауға мүмкіндік береді. Олар SCORE шкаласы бойынша орташа қауіпі бар адамдарда анықталады.
Калий
С-реактивті ақуыз (ультрасезімтал)
Креатинкиназа-МВ
Протромбин кешені
Триглицеридтер
Фибриноген
Жалпы холестерин
ЛПВП холестерині
ЛПНП холестерині
ЛПОНП холестерині
Талдауға дайындық
Қан таңертең аш қарынға, сағат 7-ден 11-ге дейін аралығында тапсырылады. Соңғы тамақтанудан қан алуға дейін кемінде 8 сағат өтуі тиіс. Суды әдеттегі режимде ішуге болады. Қан тапсыруға 24 сағат қалғанда шылым шегуден бас тартып, алкогольді, шайды, кофені, шырынды болдырмаңыз. Дене жүктемесін (спорт, жүгіру, баспалдақпен жылдам көтерілу) және эмоциялық қобалжуды болдырмаңыз. Зерттеу қарсаңында, кешке, майлы тағамсыз жеңіл кешкі ас ішіңіз. Қан тапсыруға 15 минут қалғанда демалып, отырып, тынышталған жөн.