Жүктіліктің 1-ші триместріне тексеру
Сипаттама
«Жүктіліктің 1-триместріне тексеру» кешені- жүкті әйел есепке тұрғанда ерте мерзімде өтетін зертханалық және аспаптық диагностиканың кеңейтілген бағдарламасы. Оған C гепатитіне, мерезге, ВИЧ-ке және қызамыққа талдаулар, бауыр мен бүйрек жұмысының көрсеткіштері, темір, кальций және қалқанша безі гормондарының деңгейі, ұю жүйесін бағалауға арналған коагулограмма мен D-димер, қан тобы мен резус-факторды анықтау, сондай-ақ гинекологиялық жағынды, цервикалды каналдан себу, зәр себуі, Папаниколау бойынша жағынды және жыныстық инфекциялардың ПЦР-диагностикасы (хламидиялар, микоплазма, гонорея, трихомонада) кіреді. Тексерудің мұндай көлемі 1-триместрде жүктілікті жүргізудің стандартты хаттамасына сәйкес келеді және дәрігер назарын талап ететін жағдайларды уақтылы анықтауға көмектеседі.