«Постковидтік зерттеулер кешені (кеңейтілген +)» (аурудан кейінгі жағдайды бағалауға 24 көрсеткіш)
Сипаттама
COVID-19-ды бастан кешкеннен кейін көптеген науқастарда ағзада әртүрлі бұзылыстар сақталады. Адамдар дене симптомдарынан, метаболикалық бұзылыстардан, ал кейде ішкі ағзалар тарапынан ауыр асқынулардан зардап шегеді. Ауырып шыққандардың ең жиі шағымдары: әлсіздік, нәжістің бұзылуы, ентігу, бас ауруы, қызба және т.б. COVID-19 салдары өкпені, жүрек-қантамыр, иммундық жүйені, бүйректі, бауырды, ішекті және басқа ағзаларды қамтуы мүмкін.
Коронавирустық инфекцияны бастан кешкеннен кейін денсаулық жағдайын тексеру үшін кешенді талдау тапсыруға болады.
Диагностикалық панель құрамына кіреді: 25-гидроксивитамин D; NT-proBNP (натрийуретикалық гормонның N-терминалды пропептиді); АЛТ; АСТ; Альбумин, Жалпы билирубин, тікелей билирубин, тікелей емес билирубин, Гамма-ГТ, Калий, Кальций, SARS-CoV-2 коронавирусы, S-ақуыздың RBD доменіне бейтараптандырушы IgG антиденелері (Architect, Abbott) (сан.), Креатинин, ЛДГ, Мочевина, Натрий, Ультрасезімтал С-реактивті ақуыз, Ферритин, Хлор, Д-Димер, Стандартты коагулограмма, Жалпы қан талдауы+СОЭ.
Талдауға дайындық
Қан таңертең аш қарынға, сағат 7-ден 11-ге дейін аралығында тапсырылады. Соңғы тамақтанудан қан алуға дейін кемінде 12–14 сағат өтуі тиіс. Суды әдеттегі режимде ішуге болады. Қан тапсыруға 24 сағат қалғанда шылым шегуден бас тартып, алкогольді, шайды, кофені, шырынды болдырмаңыз. Дене жүктемесін (спорт, жүгіру, баспалдақпен жылдам көтерілу) және эмоциялық қобалжуды болдырмаңыз. Зерттеу қарсаңында, кешке, майлы тағамсыз жеңіл кешкі ас ішіңіз. Қан тапсыруға 15 минут қалғанда демалып, отырып, тынышталған жөн.