Лейкоцитарлық формуламен жалпы қан талдауы + ЭТЖ (CITO)
Сипаттама
Дәрігерге қанның жалпы талдауындай құнды ақпаратты басқа ешбір талдау бермейді. Бұл қарапайым әрі арзан зерттеу науқастың денсаулық жағдайы туралы жалпы түсінік береді, сондай-ақ анемиядан бастап жедел лейкозға дейінгі көптеген ауруларды диагностикалауға мүмкіндік береді.
Клиникалық қан талдауын ішкі ағзалар аурулары бойынша кез келген мамандықтағы дәрігерге әр жүгінген сайын, сондай-ақ операциялар, инвазивті рәсімдер алдында, ауруханаға жатқызу кезінде және т.б. тапсырады. Оны ешқандай симптом болмаса да, өз денсаулығының жағдайын тексеру үшін жылына 1 рет тапсыру артық болмайды.
Талдау құрамына мынадай көрсеткіштерді анықтау кіреді:
Клиникалық қан талдауының нәтижелері бойынша қабыну, аллергиялық реакциялар белгілерін анықтауға, қан кетуге немесе темір тапшылығына күдіктенуге, қанның «қоюлануын», төмендеген немесе жоғарылаған ұюын анықтауға болады. Көп жағдайда қанның жалпы талдауын жүргізгеннен кейін түпкілікті диагнозды бірден қою мүмкін емес, бірақ дәрігер науқастың денсаулығы туралы маңызды ақпарат алады, ол оған одан әрі диагностикалық ізденіс бағыттарын береді.
эритроциттер, олардың орташа көлемі, эритроциттегі гемоглобиннің мөлшері мен концентрациясы, анизоцитоз индексі, гематокрит;
тромбоциттер, олардың орташа көлемі және анизоцитоз индексі, тромбокрит;
лейкоциттер және осы жасушалардың түрлі типтерінің арақатынасы: нейтрофилдер, лимфоциттер, моноциттер, эозинофилдер, базофилдер;
гемоглобин;
эритроциттердің тұну жылдамдығы (СОЭ).
Талдауға дайындық
Мүмкіндігінше сынамаларды таңертең, сағат 7 мен 9 аралығында алған жөн. Сынама соңғы тамақтанудан 8–12 сағат өткен соң алынуы тиіс. Зерттеу қарсаңында майлы тағамнан аулақ болып, жеңіл кешкі ас ішкен дұрыс. Зерттеу алдында тек газдалмаған су ішуге рұқсат етіледі. Шырын, шай, кофе және лимонад ішуге болмайды. Сынама тест нәтижесіне әсер етуі мүмкін емдік шаралардан бұрын алынуы тиіс. Физиотерапиялық емшаралардан, аспаптық тексерулерден, рентгендік және ультрадыбыстық зерттеулерден, массаждан және басқа емшаралардан кейін бірден қан алу ұсынылмайды. Емдеуші дәрігермен келісе отырып, қан алғанға дейін дәрілерді қабылдауды тоқтату ұсынылады. Таңертеңгі дәрі биоматериал алынғаннан кейін ғана қабылданады. Зерттеуге 12–24 сағат қалғанда алкогольді, дене жүктемесін және эмоциялық қобалжуды болдырмаңыз. Зерттеуге 1–2 сағат қалғанда шылым шекпеңіз. Қан тапсырар алдында 15 минут демалып, тынышталған жөн — дене қалпының өзгеруі нәтижеге әсер етеді. Пациентті динамикада бақылағанда материал бірдей дене қалпында, бір уақытта, бірдей дайындықпен және бір зертханада алынуы тиіс.