Коды К8-1

Спермограмма (Крюгер бойынша)

Орындау мерзімі1 дн
Үйге шығумүмкін

Сипаттама

Крюгер бойынша спермограмма- сперматозоидтар морфологиясын Крюгер критерийлері бойынша қатаң бағалаумен эякуляттың кеңейтілген зерттеуі. Әдіс стандартты спермограммаға қарағанда сперма сапасын толығырақ бағалайды және ер адамдардың бедеулігі бойынша тексеруде қолданылады.

Талдауға дайындық

Эякулят кемінде 2 және көбі 5 тәулік ұрық шығарудан тыйылғаннан кейін алынуы тиіс. Зерттеуге 5 күн қалғанда тұрақты жыныстық белсенділік ұсынылады. Зерттеуге 12 сағат қалғанда несепағар мен жыныс мүшесі аймағында кез келген медициналық және гигиеналық құралдарды (жақпамайлар, майлағыштар, сабын, ерітінділер) қолданбаған жөн. Емшара кезінде жыныс мүшесінің басы аймағында кез келген жақпамай мен майлағышты (лубриканттар, кремдер, вазелин, сілекей және т.б.) пайдалануға қатаң тыйым салынады. Емшара алдында жыныс мүшелерін жылы сумен мұқият тазалау ұсынылады. Талдауға бірнеше күн қалғанда күйзеліс, тоңу және дене жүктемесі сияқты қолайсыз факторларды болдырмаған жөн. Бір апта бойы алкогольді, сондай-ақ ынталандырушы және психобелсенді заттарды кез келген мөлшерде тұтыну ұсынылмайды. Зерттеуді несеп-жыныс жүйесі мен кіші жамбас ағзаларына жасалған медициналық, диагностикалық және физиотерапиялық емшаралардан кейін (мерзімі дәрігермен келісіледі), сондай-ақ урогениталды жолдың қабыну ауруларын және дене қызуы көтерілетін инфекцияларды емдегеннен кейін жүргізбеген жөн. 7–10 күн бойы жоғары температура әсерінен (монша, сауна, орындық жылытқышы) және әуе рейстерінен барынша аулақ болған жөн. Дәрі-дәрмектердің, кәсіптік зияндылықтардың, сәулеленудің және басқа теріс факторлардың әсер ету мүмкіндігін емдеуші дәрігерден алдын ала нақтылау қажет. Талдауға жолдамада клиникалық ақпаратты, әсіресе варикоцеленің бар-жоғын көрсету қажет.

Кері қоңырау

Жұмыс уақытында қайта қоңырау шалып, талдауларды таңдауға көмектесеміз.