MAR-тест
Сипаттама
Биоматериалды жинау лубриканттарды (кремдерді, майлағыштарды, сабынды, сілекейді және басқа заттарды) қолданбай мастурбация жолымен жүргізіледі. Алынған эякуляттың бүкіл көлемін жинау қажет. Эякуляцияның нақты уақытын белгілеу керек.
Зерттеуге дайындалу кезінде пациент 1–2 ай бойы тұрақты шәует шығаруды (аптасына 2 рет) қамтамасыз етуі керек.
Биоматериалды тапсырар алдында 2-ден 5 тәулікке дейін тыйылу қажет.
Болжамды зерттеуден 5–10 тәулік бұрын алкоголь ішуден және темекі шегуден бас тарту. Емдеуші дәрігермен келісе отырып, сперматогенезге әсер ететін дәрілік заттарды қабылдауды тоқтату.
Биоматериалды тапсырардан 2–3 күн бұрын монша мен саунаға баруды болдырмау, ыстық ванна қабылдаудан бас тарту.
Биоматериалды тапсырар алдындағы күні психоэмоционалды жайлылықты қамтамасыз ету, ауыр дене жүктемелерін болдырмау.
Зәр шығару өзегінің және/немесе простато-везикулярлы кешеннің қабыну аурулары аясында биоматериал тапсыру ұсынылмайды.
Талдауға дайындық
Эякулят кемінде 2 және көбі 5 тәулік ұрық шығарудан тыйылғаннан кейін алынуы тиіс. Зерттеуге 5 күн қалғанда тұрақты жыныстық белсенділік ұсынылады. Зерттеуге 12 сағат қалғанда несепағар мен жыныс мүшесі аймағында кез келген медициналық және гигиеналық құралдарды (жақпамайлар, майлағыштар, сабын, ерітінділер) қолданбаған жөн. Емшара кезінде жыныс мүшесінің басы аймағында кез келген жақпамай мен майлағышты (лубриканттар, кремдер, вазелин, сілекей және т.б.) пайдалануға қатаң тыйым салынады. Емшара алдында жыныс мүшелерін жылы сумен мұқият тазалау ұсынылады. Талдауға бірнеше күн қалғанда күйзеліс, тоңу және дене жүктемесі сияқты қолайсыз факторларды болдырмаған жөн. Бір апта бойы алкогольді, сондай-ақ ынталандырушы және психобелсенді заттарды кез келген мөлшерде тұтыну ұсынылмайды. Зерттеуді несеп-жыныс жүйесі мен кіші жамбас ағзаларына жасалған медициналық, диагностикалық және физиотерапиялық емшаралардан кейін (мерзімі дәрігермен келісіледі), сондай-ақ урогениталды жолдың қабыну ауруларын және дене қызуы көтерілетін инфекцияларды емдегеннен кейін жүргізбеген жөн. 7–10 күн бойы жоғары температура әсерінен (монша, сауна, орындық жылытқышы) және әуе рейстерінен барынша аулақ болған жөн. Дәрі-дәрмектердің, кәсіптік зияндылықтардың, сәулеленудің және басқа теріс факторлардың әсер ету мүмкіндігін емдеуші дәрігерден алдын ала нақтылау қажет. Талдауға жолдамада клиникалық ақпаратты, әсіресе варикоцеленің бар-жоғын көрсету қажет. Материалды жинау кезінде контейнердің қақпағы мен ішкі бөлігінің ластануын болдырмаңыз.