Сұлулық дәрумендері
Сипаттама
Көктемде көп адам дәрумендер жетіспеушілігінен зардап шегеді. Олардың жетіспеуінен денсаулықта проблемалар туындауы мүмкін, ал олардың кейбірі сыртқы келбеттің нашарлауымен аяқталады, өйткені теріде, шашта, тырнақтарда алмасу үдерістері бұзылады. Нәтижесі: тері құрғақ, қабыршақтанады, қызыл дақтар мен басқа бөртпелер пайда болады, шаш түседі, ал тырнақтар қабаттанады.
Сұлулығыңызға ештеңе қауіп төндірмеуі үшін дәрумендерге тексерілген жөн. Егер кенет олар жетіспесе, тапшылықты препараттармен толтыруға болады. Ағзаңызда сұлулық дәрумендерінің жеткілікті екенін тексеру үшін мынадай көрсеткіштерді анықтауды қамтитын кешенді талдау тапсыруға болады:
Егер теріңізде, шашыңызда немесе тырнақтарыңызда бірдеңе дұрыс емес екенін байқасаңыз, дәрумендерге талдау олардың себебін анықтауға мүмкіндік беруі мүмкін. Дәрумендер тапшылығын толтыра отырып, сіз жақсырақ көрінесіз және денсаулығыңызды сақтайсыз.
25-гидроксивитамин D. Бұрын ойлағандай тек сүйектердің жағдайы үшін ғана емес, ағзадағы көптеген үдеріс үшін жауап береді. Мысалы, кейбір зерттеулер D дәрумені ультракүлгін сәулеленуден туындаған тері обырынан қорғайтынын көрсетті.
E (токоферол). Оны сұлулық дәрумені деп атайды. Е дәрумені теріні бос радикалдардан қорғайды және оның мезгілінен бұрын қартаюына жол бермейді.
А (ретинол). Терінің тосқауылдық қызметін реттейді. Оның ішке микробтарды, уыттарды және сіздің сұлулығыңызға қауіп төндіретін басқа да қажетсіз заттарды өткізуіне жол бермейді.
В12 дәрумені (цианокобаламин). Бұл дәруменнің тапшылығы анемия тудырады. Гиповитаминоз ұзақ уақыт вегетариандық диетаны ұстанатын адамдарда дамуы мүмкін.
Фолий қышқылы. Бұл дәруменнің жетіспеуі де анемияға әкеледі. Оның тапшылығы жүктілерде және алкогольді шамадан тыс тұтынатындарда дамуы мүмкін, ол ішекте фолий қышқылының сіңірілуін бұзады.
Талдауға дайындық
Қан таңертең аш қарынға, сағат 7-ден 11-ге дейін аралығында тапсырылады. Соңғы тамақтанудан қан алуға дейін кемінде 8 сағат өтуі тиіс. Суды әдеттегі режимде ішуге болады. Қан тапсыруға 24 сағат қалғанда шылым шегуден бас тартып, алкогольді, шайды, кофені, шырынды болдырмаңыз. Дене жүктемесін (спорт, жүгіру, баспалдақпен жылдам көтерілу) және эмоциялық қобалжуды болдырмаңыз. Зерттеу қарсаңында, кешке, майлы тағамсыз жеңіл кешкі ас ішіңіз. Қан тапсыруға 15 минут қалғанда демалып, отырып, тынышталған жөн.