f273 Киікоты (чабрец) /Thyme /Thymus vulgaris (ImmunoCAP)
Сипаттама
ImmunoCAP әдісімен талдау «Тимьян» (Thymus vulgaris түрі) аллергеніне IgE класты спецификалық антиденелердің деңгейін анықтайды- бұл ағзаның дәл осы затқа сенсибилизациясының (жоғары сезімталдығының) зертханалық растауы. Тестті аллергиялық реакцияға күдік болғанда оның себебін дәл анықтау және аллерголог дәрігермен бірлесіп профилактика немесе емдеу жоспарын құру үшін қолданады.
Талдауға дайындық
Мүмкіндігінше сынамаларды таңертең, сағат 7 мен 9 аралығында алған жөн. Сынама соңғы тамақтанудан 8–12 сағат өткен соң алынуы тиіс. Зерттеу қарсаңында майлы тағамнан аулақ болып, жеңіл кешкі ас ішкен дұрыс. Зерттеу алдында тек газдалмаған су ішуге рұқсат етіледі. Шырын, шай, кофе және лимонад ішуге болмайды. Сынама тест нәтижесіне әсер етуі мүмкін емдік шаралардан бұрын алынуы тиіс. Физиотерапиялық емшаралардан, аспаптық тексерулерден, рентгендік және ультрадыбыстық зерттеулерден, массаждан және басқа емшаралардан кейін бірден қан алу ұсынылмайды. Емдеуші дәрігермен келісе отырып, қан алғанға дейін дәрілерді қабылдауды тоқтату ұсынылады. Таңертеңгі дәрі биоматериал алынғаннан кейін ғана қабылданады. Зерттеуге 12–24 сағат қалғанда алкогольді, дене жүктемесін және эмоциялық қобалжуды болдырмаңыз. Зерттеуге 1–2 сағат қалғанда шылым шекпеңіз. Қан тапсырар алдында 15 минут демалып, тынышталған жөн — дене қалпының өзгеруі нәтижеге әсер етеді. Пациентті динамикада бақылағанда материал бірдей дене қалпында, бір уақытта, бірдей дайындықпен және бір зертханада алынуы тиіс.