Зәрдің жалпы талдауы (тұнбаның микроскопиясымен) (CITO)
Сипаттама
Зәрдің клиникалық талдауы — ең ақпаратты жалпы клиникалық зерттеулердің бірі, ол көптеген ауруды — ең алдымен зәр шығару жүйесінің, бірақ тек оның ғана емес — анықтауға көмектеседі. Дәрігерлер метаболизм жағдайын бағалайды, кейбір эндокриндік бұзылыстарды, бауырдың, ұйқы безінің зақымдану белгілерін анықтай алады.
Зәрдің жалпы талдауына ішкі ағзалар тарапынан кез келген шағыммен дәрігерге жүгінген әркімді жібереді. Сонымен қатар оны ешқандай симптомсыз, жай ғана жылына бір рет тапсырған да артық болмайды. Бұл талдаудың көмегімен адам тіпті күдіктенбейтін патологиялық үдерістерді клиникаға дейінгі сатыда табуға болады.
Міне, дәрігерлердің зәр талдауында көре алатындарының шағын ғана тізімі:
Зәр талдауын диспансерлеу шеңберінде қанның клиникалық және биохимиялық талдауымен бірге тапсыруға болады.
Бұл зерттеу жүктілерге қажет. Зәр талдауын акушер-гинекологқа әрбір келгенде дерлік тапсырады.
зәрдің физикалық параметрлері: тығыздық, рН, түс, мөлдірлік;
зәрде еріген химиялық заттар: кетон денелері (ацетон), билирубин, нитриттер, глюкоза, ақуыз;
зәр тұнбасын микроскопиялағанда әртүрлі жасушаларды, микробтарды, тұздарды және цилиндрлерді анықтау.
инфекциялар;
сарғаюды;
гемолитикалық анемияны;
диабетті;
порфиринурияны;
зәр-тас ауруын немесе тас түзілу қаупінің жоғарылығын;
бүйрек жеткіліксіздігін;
нефросклерозды, гломерулонефритті, пиелонефритті және бүйректің басқа патологияларын;
зәр шығару жүйесінің жарақаттарын, ісіктерін;
улармен, дәрілермен уланулар.
Талдауға дайындық
Зерттеуге 10–12 сағат қалғанда мыналарды тұтынбаңыз: алкоголь, ащы және тұзды тағам, зәр түсін өзгертетін өнімдер (сәбіз, қызылша). Мүмкіндігінше зәр айдайтын препараттарды қабылдамаңыз. Әйелдерге етеккір кезінде зәр талдауын тапсыру ұсынылмайды. Зәрді жинар алдында сыртқы жыныс мүшелерін мұқият тазалаңыз. Таңғы зәрдің орта порциясын (ұйқыдан кейін бірден) 30–80 мл көлемінде стерильді контейнерге жинаңыз.