Гинекология, базалық чекап
Сипаттама
Гинекологиялық аурулар кез келген жаста дамуы мүмкін. Олардың көбі жылдар бойы симптомсыз өтеді, содан кейін ауыр асқынулар тудырады. Бірақ мерзімді профилактикалық тексеруден өтіп тұрса, бұл патологияларды уақтылы анықтап, емдеуге болады.
«Гинекологиялық чекап» кешені симптомдары жоқ, бірақ репродуктивті жүйе денсаулығының дұрыс екеніне көз жеткізгісі келетін әйелдерге арналған. Диагностика барысында көптеген патологияларды анықтауға немесе жоққа шығаруға болады: инфекциялар, обыр алдындағы аурулар, ісіктер, кисталар, эндометрийдің гиперпластикалық үдерістері, жатыр миомасы, эндометриоз және басқалары. Сонымен қатар кешен денсаулық жағдайын тұтастай бағалауға және ішкі ағзалар патологиясын ерте анықтауға арналған талдауларды қамтиды.
«Гинекологиялық чекап» құрамына кіреді:
Бұл зерттеулер кез келген гинекологиялық патологияны дерлік анықтау үшін толық жеткілікті болуы мүмкін. Ауруларды алғашқы симптомдар пайда болғанға дейін әлдеқайда бұрын анықтауға болады. Анықталған жағдайда оларды емдеуге немесе бақылауға алып, репродуктивті жүйедегі өзгерістердің одан әрі үдеуін тоқтатуға болады.
флораға жағынды
сұйықтық цитологиясы (жатыр мойнының обыр алдындағы жағдайы мен обырын анықтау үшін)
хламидияға, трихомонадаға, гарднереллаға, микоплазманың екі түріне, уреаплазманың екі түріне ПЦР
қанның жалпы талдауы, СОЭ, лейкоциттік формула
қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, билирубин, креатинин, мочевина, темір, жалпы ақуыз)
зәрдің жалпы талдауы
кіші жамбас ағзаларының УЗИ
акушер-гинеколог дәрігердің қабылдауы
Талдауға дайындық
қан таңертең аш қарынға, жақсысы сағат 8-ден 11-ге дейін тапсырылады. Соңғы тамақтанудан қан алуға дейін кемінде 8 сағат өтуі тиіс. Суды әдеттегі режимде ішуге болады. Қан тапсыруға 24 сағат қалғанда шылым шегуден бас тартып, алкогольді, шайды, кофені, шырынды болдырмаңыз. Дене жүктемесін (спорт, жүгіру, баспалдақпен жылдам көтерілу) және эмоциялық қобалжуды болдырмаңыз. Зерттеу қарсаңында, кешке, майлы тағамсыз жеңіл кешкі ас. Қан тапсыруға 15 минут қалғанда демалып, отырып, тынышталған жөн. Зерттеу алдында микробқа қарсы препараттарды қабылдамаңыз (соның ішінде антибиотиктерді) және жергілікті антисептиктерді (хлоргексидин, мирамистин және т.б.) қолданбаңыз. Зерттеуге дейінгі 48 сағат ішінде спринцевка жасамаңыз, қынапішілік емді (шамдар, тампондар, гельдер) қолданбаңыз, жыныстық қатынастан бас тартыңыз. Етеккір кезінде жағынды алынбайды. Несепағардан жағынды алғанда зерттеуге 1,5–2 сағат қалғанда зәр шығармаңыз. Іріңді бөліністер болса, жағынды зәр шығарғаннан кейін 15–20 минуттан соң алынады. Зерттеуге 10–12 сағат қалғанда мыналарды тұтынбаңыз: алкоголь, ащы және тұзды тағам, зәр түсін өзгертетін өнімдер (сәбіз, қызылша). Мүмкіндігінше зәр айдайтын препараттарды қабылдамаңыз. Әйелдерге етеккір кезінде зәр талдауын тапсыру ұсынылмайды. Зәрді жинар алдында сыртқы жыныс мүшелерін мұқият тазалаңыз. Таңғы зәрдің орта порциясын (ұйқыдан кейін бірден) 30–80 мл көлемінде стерильді контейнерге жинаңыз.