Коды ДП1238

Биохимия, 9 көрсеткіш (базалық)

Орындау мерзімі1 дн
Үйге шығумүмкін

Сипаттама

Қан биохимиясын ішкі ағзалар тарапынан шағымдармен медициналық көмекке жүгінген әрбір пациентке тағайындайды. Сонымен қатар жылына бір рет профилактикалық мақсатпен биохимияға қан тапсыру артық болмайды. Талдаулардағы өзгерістер клиникалық симптомдардан әлдеқайда ерте пайда болады. Осы өзгерістерді анықтап, ауыр аурудың дамуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауға болады: мысалы, өмір салтын өзгерту немесе дәрілік терапия курсынан өту.

Осы кешеннің негізінде түпкілікті диагнозды бірден қою сирек мүмкін болады. Оның есесіне ол бір ағза немесе ағзалар жүйесі бойынша емес, бүкіл ағза бойынша ақпарат береді. Алынған деректерді пайдалана отырып, дәрігер одан әрі диагностикалық іздеу бағыттарын анықтай алады.

АЛТ

АСТ

Жалпы билирубин

Темір

Креатинин

Мочевина

Жалпы ақуыз

Жалпы холестерин

Глюкоза

Талдауға дайындық

Қанды аш қарынға, таңғы сағат 7-ден 11-ге дейін тапсыру ұсынылады. Соңғы тамақтанудан қан алуға дейін кемінде 8 сағат өтуі тиіс. Суды әдеттегі режимде ішуге болады. Қан тапсыруға 24 сағат қалғанда шылым шегуден бас тартып, алкогольді, шайды, кофені, шырынды болдырмаңыз. Дене жүктемесін (спорт, жүгіру, баспалдақпен жылдам көтерілу) және эмоциялық қобалжуды болдырмаңыз. Зерттеу қарсаңында, кешке, майлы тағамсыз жеңіл кешкі ас ішіңіз. Қан тапсыруға 15 минут қалғанда демалып, отырып, тынышталған жөн.

Кері қоңырау

Жұмыс уақытында қайта қоңырау шалып, талдауларды таңдауға көмектесеміз.